MiCA келесі ұйымдарға қажет және қолданылады:

1. Криптоактивтермен айналысатын компаниялар (CASP):

  • Криптобиржалар
  • Криптоактивтермен сауда платформалары
  • Криптоактивтерді сақтау және басқару қызметтерін ұсынушылар (кастодиалды әмияндар)
  • Криптоактивтерді фиат валюталарға және керісінше айырбастау қызметін көрсететін провайдерлер

2. Токен шығарушылар:

  • ЕО нарығында ұсынылатын utility-токендер, security-токендер немесе стейблкоиндерді шығаратын компаниялар

3. Нарықтың басқа қатысушылары:

  • Криптоактивтерге байланысты қаржылық қызметтер көрсететін провайдерлер
  •  Криптоактивтер бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынатын компаниялар
MiCA талаптарына сәйкестікті бағалау әдістемеміз келесі негізгі аспектілерге негізделген:
  • Кешенді тәсіл. Бағалау барысында біздің команда MiCA регламентінде көрсетілген барлық талаптарды қамтиды (лицензиялау, «White Paper», тәуекелдерді басқару, киберқауіпсіздік, ақшаны жылыстатуға және клиентті тануға қарсы шаралар — AML/KYC).
  • Озық тәжірибелерді қолдану. Бағалау кезінде біздің аудиторлар ISO 27001, NIST, COBIT сияқты халықаралық стандарттар мен фреймворктарды басшылыққа алады.
  • Реттеуші органдармен өзара әрекеттестік. Біздің команда бағалау нәтижелері бойынша реттеушілер мен Тапсырыс берушілерден тұрақты түрде кері байланыс жинайды. Реттеушілермен жұмыс барысында бақылаушы органдардың талаптары мен күтулеріне терең түсінік қалыптасады.
MiCA сәйкестігі келесі
артықшылықтарды береді:
Бірыңғай нарық
Бірыңғай ережелердің арқасында ЕО-да криптокомпаниялардың жұмысын жеңілдету.
Сенімділікті арттыру
Инвесторлар мен пайдаланушылардың крипто-активтерге деген сенімін арттыру.
Инновацияны ынталандыру
Блокчейн технологияларын дамыту үшін қолайлы орта құру.

Сондай-ақ, MiCA талаптарын сақтамағаны үшін айтарлықтай айыппұлдар мен басқа да шаралар, соның ішінде лицензияны қайтарып алу қарастырылғанын есте ұстаған жөн.

MiCA крипто активтердің келесі
санаттарын реттейді:
Utility Tokens
Тауарларға немесе қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін, бірақ қаржы құралдары болып табылмайтын токендер
 Asset-Referenced Tokens
Құны бір немесе бірнеше активтерге (мысалы, фиат валюталары, тауарлар) байланысты токендер.
E-Money Tokens
Фиат валютасының сандық көрінісі ретінде қолданылатын токендер.
Басқа криптоактивтер
Қолданыстағы қаржылық реттеулерге жатпайтын крипто-активтердің барлық басқа түрлері (мысалы, Bitcoin және Ethereum сияқты криптовалюталар).
Project stages
1 stage

Дайындық кезеңінде біз бағалаудың мақсаттары мен шекараларын анықтап, ағымдағы саясаттарды, White paper және компания ішіндегі жұмыс ережелерін жинап талдаймыз, сондай-ақ аудит жоспарын дайындаймыз

2 stage

Біз MiCA-да көрсетілген барлық талаптарды және талаптардың шеңберінде орындалған процедураларды бағалаймыз

3 stage

Біз барлық анықталған кемшіліктер мен күшті жақтарға талдау жасайтын қадағалау органдарына жіберу үшін есептік құжаттаманы дайындаймыз. Сондай-ақ, анықталған проблемаларды жою және MiCA талаптарына сәйкестікті жақсарту үшін шаралар ұсынылған ұсыныстарды дайындаймыз

Project results

Өткізілген бағалау нәтижелері бойынша:

  • Реттеушіге жіберуге арналған есеп
  • Анықталған кемшіліктерді жоюға арналған іс-шаралар жоспары (RoadMap)
  • Қолдау шеңберінде ұсынымдардың енгізілуіне және процестердің жақсаруына бақылауды қамтамасыз етеміз
  • Қажет болған жағдайда қайта аудитті жоспарлаймыз
Leave a request
Fill out the form and our specialist will contact you


    Thanks
    Your application has been accepted, we will contact you within 30 minutes