Secure Software Standard талаптарын сақтау – бұл қосымшаларды үшінші тұлғаларға сату, тарату және/немесе лицензиялау кезінде, сондай-ақ төлемдерді авторизациялауға және есеп айырысуларға қатысқанда немесе төлем қауіпсіздігіне ықпал еткен жағдайда, және егер төлем бағдарламалық жасақтамасы PCI бекіткен PTS POI құрылғыларында қолдануға арналған болса – міндетті болып табылады.
Бағалауға жатпайды: ұйым ішінде қолдануға арналған өздігінен әзірленген бағдарламалық жасақтама, жекелеген тапсырыс берушіге арнайы әзірленген бағдарламалық жасақтама, сондай-ақ мобильді құрылғыға арналған бағдарламалық жасақтама, егер бұл құрылғы тек төлемдерді қабылдауға арналған арнайы құрылғы болмаса.
Басқаша айтқанда, егер сіз өз ұйымыңыз ішінде пайдалану үшін төлем бағдарламалық жасақтамасын әзірлеп жатсаңыз, оған PCI DSS стандартының талаптары қолданылады. Ал егер сіз төлем бағдарламалық жасақтамасын (дайын шешімдер, қаптамадағы шешімдер) түрлі тапсырыс берушілерге сатсаңыз, таратсаңыз және/немесе лицензияласаныз, мұндай бағдарламалық жасақтама Secure Software Standard талаптарына сай болуы тиіс.